Үлкен Алматы автокөлік жолындағы көлік ағыны көбейді
Үлкен Алматы автокөлік жолындағы тәуліктік көлік ағыны 40 мыңнан асты.
Сонымен қатар 21 шілдеден бастап аталған жолда жүру ақылы болды. Төлемді екінші деңгейлі банктердің, БАКАД мобильді қосымшасы арқылы алдын ала немесе жүріп өткен соң 7 күн ішінде төлеуге болады. 66 шақырымға созылған айналма жолдағы темір тұлпарлар үлесінің 90 пайызы жеңіл, қалғаны басқа санатты көліктерге тиесілі. Мұндағы көліктердің жол ережесін сақтауы, қауіпсіздік және басқа да қосымша ақпараттар арнайы орталық арқылы тәулік бойы бақыланып отырады.