«АрселорМиттал Теміртау»: Аудит жүргізіліп жатыр

Үкіметте «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына қатысты жүргізілетін экологиялық аудиттің барысы талқыланды.

Сондай-ақ кәсіпорын өнеркәсіптік қауіпсіздік тұрғысынан да тексеріледі. Қазіргі таңда мұндай аудит жұмыстары хлықаралық консультанттардың қатысуымен жүзеге асып жатыр. Жалпы жиынға бірқатар министрліктің басшылары, Бас прокуратура, Қаржылық мониторинг агенттігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері қатысты.