Елде құрғақшылықтан зардап шеккен диқандар несиені өтеу мерзімін ұзарта алады
Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Үкіметте өткен жедел кеңесте айтылды.
Жиында кей өңірлердегі аптап ыстық пен жауын-шашынның аздығына байланысты орнаған ахуалдың ауқымы мен қабылданатын шаралар талқыланды. «Бәйтерек» холдингі, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ және «ҚазАгроҚаржы» АҚ құрғақшылықтан зардап шеккен шаруаларға несие төлеуді кейінге қалдыру мүмкіндігін қарастырады. Сондай-ақ биылдан бастап алғаш рет мал азығын жинауға жеңілдетілген бағамен дизель отынының қосымша көлемі бөлінетін болды. Ал өңірлер биылғы жылы жем-шөп құнын субсидиялауға 11,7 млрд теңге бөлінді. Дегенмен, Қазақстанның басым бөлігінде климаттың қолайсыздығына қарамастан фермерлер сақтандыру құралын аз пайдаланған.