Күзде елімізде «Тазалық ойындары» өтеді
Қоқысты сұрыптап, ұпай жинау.
Осы күзде Қазақстанда «Тазалық ойындары» өтеді. Оған еліміздің 10 қаласынан 30-дан астам қатысушы тіркелген. Бүгін эко шараны ұйымдастырушылар оларға арнайы дәріс өткізді. Тренинг кезінде экологиялық ойынның ережелері мен қоқысты сұрыптаудың талаптары түсіндірілді. Айта кетерлігі, "Тазалық ойынының" барысы мен қорытындысын ұялы телефондағы арнайы қосымша арқылы бақылауға болады. Іс-шараға қатысушылар осы қосымшаны қолдануды үйренді. 2014 жылы бастау алған халықаралық "Тазалық ойындары" - командалық жарыс саналады. Бұған дейін эко шара Ақтау, Алматы және Астанада 4 рет ұйымдастырылған еді. Сол кезде 20 тоннадан астам қоқыс жиналған. Биыл рекордтық көрсеткіш орнауы мүмкін. Өйткені, "Тазалық ойындары" еліміздің 10 қаласында бір мезгілде өткізілмек.
Пәкізат Сайлаубекова, экобелсенді:
- Көп адамдар сенбілік болсын, тазалық болсын олар қалдықты сұрыптамайды. Жұмыс орындарында ондай процесс жоқ. Ал бұл жерде келіп осыған үйренеді. Және бұл қалдықтан бір нәрсе жасауға болады ғой. Бұның бағасы бар екен ғой, бұл осыншама балл тұрады екен ғой. Бұлай жинасам, үйде де осыны жасай аламын деген осы барьерден өту. Ең басты мақсаты сол.