Әскерден жалтару үшін жалған анықтама жасағандар анықталды
Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиевтің айтуынша, көктемгі шақыру компаниясы өз тиімділігін көрсеткен.
Әскери міндетін орындамас үшін жас жігіттер оқу туралы жалған анықтама ұсыныпты. Ал оны ақша өндіру мақсатында біреулер жасап берген. Қазір заңсыз қызметпен айналысқан азаматтар құзыретті органдарға тапсырылды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
Дархан Ахмедиев, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары:
- Оқу бойынша жалған анықтама ұсынғандарды анықтадық. Сыйақы үшін оны жасап берген азаматтар да белгілі болды. Оны бірден құзыретті органдарға тапсырдық. Бір адамның бір мезгілде 2 жоғары оқу орнында білім алып жатқаны анықталды. Бұл мәселені Ғылым және жоғары білім министрлігімен талқыладық. Оны шешу жолдары бірден қарастырылды.