Мәжіліс депутаты: Ауыл халқының жағдайын жақсарту басты назарда болады
Ауыл халқының жағдайын жақсарту басты назарда болады. Жетісуға барған Мәжіліс депутаты Айдарбек Ходжаназаров осылай дейді.
Ол кәсіпкерлермен кездесіп, шаруа қожалықтардың жұмысымен танысты. Ауылдағы шаруалардың өзекті мәселелеріне құлақ түрді. Аймақтағы ірі шаруашылықтың біріне барып, бірқатар мәселеге назар аударды. Биыл 4 мың гектар егіс алқабының 680-не қант қызылшасы себілген. Мұнда қолайсыз ауа райына қарамастан әр гектардан 600 тонна өнім алу көзделіп отыр.
Айдарбек Ходжаназаров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Кәсіпкерлермен кездестік Атамекен палатасында. Әкім облысымен кездестік. Бірқатар сұрақ көтерілді. Осы келешекте облыста болатын инвестициялық жобалар, одан басқа инфрақұрылымды дамытуға қандай жобалар іске асырады, облыс әкімі айтып берді.