Алматы облысында су ысырап болып жатыр
Алматы облысында егін алқаптарына қажетті судың 50% ысырап болып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Оған суару жүйелері мен гидротехникалық қондырғылардың әбден ескіру басты себеп. «Кейбір шаруалар заманауи суғару жүйесін қолданудың орнына суды бей-берекет пайдаланады. Салдарынан тіршілік нәрі құмға сіңіп жатыр», - дейді өңірдегі су мәселесімен танысқан депутаттар.
Жалпы облыстағы суармалы жердің жалпы көлемі 264 мың гектарды құрайды. Алдағы уақытта қосымша 54 мың гектар жерді игеру көзделіп отыр. Ол бойынша 9 арнайы жоба әзірленді. Суды тиімді қолдану мақсатында бірқатар ұсыныстар айтылды. Мысалы, Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналының 16 шақырымдық бөлігі Алматы қаласына өтіп кеткен. Соны облыс меншігіне қайтару керек. Бартоғай су қоймасын күрделі жөндеуден өткізіп, Сорбұлақ көлін толтыру қажет, - деді жұмыс тобының өкілдері.
Жанболат Жөргенбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Сорбұлақ су қоймасындағы Жамбыл, Іле аудандарының диқан, шаруалардың су тапшылығы зардабын шегіп отырған мәселесі. Соны Алматы қаласымен бірлесе отырып, Алматының кәріз суларын тазалайтын жүйелерін қалыпқа келтіріп. Тоқыққанды Сорбұлақ су қоймасының жобалы көлеміндегі суды жинақтау мәселесін қалыпқа келтіру әңгіме болды.