Ш.Мұқтарова Қазақстанға экстрадицияланды

«Оператор РОП» компаниясының бұрынғы құрылтайшысы Шынар Мұқтарова Біріккен Араб Әмірліктерінен Қазақстанға экстрадицияланды.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі хабарлады. Қазір ол елорданың тергеу изоляторында отыр. Шынар Мұхтарова 920 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.