Шымкенттегі елді мекендерге интернет тартылып жатыр

Шымкент қаласының іргесіндегі Қайнарбұлақ саяжайы интернетпен қамтылды.

60 мыңнан астам тұрғыны бар елді мекенде ұялы байланыстың да сапасы жақсарды. Әзірге талшықты оптикалық желі 11 орталық көшеге жүргізілді. Сонымен бірге мектеп, ауылдық амбулатория сияқты әлеуметтік нысандар жоғары жылдамдықты интернетке қосылды. «Қолжетімді интернет» жобасы аясында қалада жыл соңына дейін тағы 20 елдімекен өркениет игілігімен қамтылады.  Жұмыс мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде жүзеге асырылады. Желілерді жеке инвесторлар өз есебінен жүргізіп берсе, мемлекет байланыс қызметтерін сатып алуға кепілдік береді.

Ақмарал Өмірзақова, Қайнарбұлақ саяжайының тұрғыны:

- Өз басым осында тұрып жатқаныма 20 жыл болды. 20 жылдан бері бұл жерде интернет деген нәрсе жоқ еді. Сеть те бұл жерде нашар ұстайды қаладан сәл алыстау болғаннан кейін. Қазір көріп шықтық интернет байланысы жақсарып келе жатқанын.

Мұхит Кемелов, қалалық цифрландыру басқармасының басшысы:

- Осы жылы 20 тұрғын алапты қамтамасыз ету жоспарланған. Оның ішінде қазір көріп отырғандарыңыздай өткенде Оңтүстік тұрғын алабы, бүгінгі таңда осы Қайнарбұлақ, Ынтымақ -1, Ынтымақ-2, Нұршуақ шағын аудандары бойынша магистралды линия жүргізу бойынша жұмыстар толығымен аяқталады.