Елде отандық өнімдердің бірыңғай тізілімі әзірленеді
Оған ену үшін кәсіпкер тиісті өндірістік және технологиялық талаптардың орындалуын бір рет растап, ақылы сертификат алуы қажет.
Жүйені "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлік палатасы дайындайды. Бұл туралы Үкімет басшысының қатысуымен өткен отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша кеңесте айтылды. Жиынға қатысушылар бірнеше процесті автоматтандыру арқылы өз өнімдерін басқа елдерге экспорттайтын отандық компанияларға жүктемені азайту көзделетінін жеткізді.