Елде жыл басынан бері 144 адам суға кетті
Бірінші маусым мен отызыншы шілде аралығында елде 144 адам суға кетті.
Оның қырқы кәмелет жасына толмағандар. Ұзын ырғасы 161 адам құтқарылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары Ұларбек Абыкеев мәлімдеді. Талдау көрсеткендей, басты себеп - адамдардың, әсіресе балалардың қауіпті сезінбеуі. Қайғылы жағдайдың 97 пайызы шомылуға тыйым салынған жерде болған. Өкінішке қарай, соңғы 3 жылда су 1100-ден астам адамның өмірін қиды. Оның 321-і бала.
Ұларбек Абыкеев, ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары:
- Шомылуға рұқсат етілген орындар туралы мәліметтер БАҚ-та, әкімдіктер мен әр өңірдің Төтенше жағдайлар департаментінің ресми сайттарында жарияланған. Осы уақытта дейін атқарылған профилактикалық, кешенді жұмыстардың қорытындысына сәйкес биыл суға бату дерегі азайды. 161 адам құтқарылды. Оның ішінде 56-сы кәмелетке толмағандар.