Қарағандыда енді халықаралық стандартқа сай реанимациялық көмек көрсетіледі
Қарағандылық фельдшерлер енді жедел медициналық көмек керек болған пациеттерді халықаралық стандарт бойынша емдеп үйренеді.
Облыстық жедел жәрдем станциясы жанынан оқу-симуляциялық орталығы өз жұмысын бастады. Онда Израилдің белгілі «Галилео» медициналық орталығында оқып келген екі бірдей нұсқаушы бар. Биыл тағы 6 адам халықаралық үздік орталықтарда білімін жетілдіреді. Осылайша кеншілер қаласындағы 10 жедел медициналық станция және аудан-қалалардағы мамандар орталыққа топ-тобымен келіп білімін жетілдіреді. Жедел практикалық және теориялық білімді дәрігерлер мен фельдшерлерден өзге жедел-жәрдем көлігінің жүргізушілері де үйренетін болады. Орталық қазір институционалды аккредиттеуден өтіп жатыр. Егер бұл жұмыс сәтімен аяқталса, қарапайым адамдар да келіп, алғашқы медициналық көмек көрсетудің қыр-сырын үйрене алады.
Вячеслав Рогозин, оқу-симуляциялық орталықтың жетекшісі:
- Біз алдағы уақытта өз саламызды кеңейтіп, жүкті әйелдерге жедел көмек көрсету, керек болса оларды тұрмыста босандырып алу сынды дағдыларды да үйреткіміз келеді. Бұдан өзге диспечерлер мен жүргізушілерді де белгілі бір дағдыға үйретеміз. Себебі реанимациялық іс-шаралар кезінде кез-келген білімі бар адамның көмегі аса қажет.