Ұлытаулық жастар тұрмыстық қалдықтарды кәдеге асыруға үндейді

Қоқыс та қажетке жарайды. Ұлытаулық жастар тұрмыстық қалдықтарды лақтырмай, оны кәдеге асыруға үндейді.

Қала тұрғындары қоқысқа тастаған пластикалық құтыларға екінші өмір сыйлап, одан түрлі бұйымдар жасаған жастар туындыларын көпшілікпен бөлісті. Арнайы жәрмеңке ұйымдастырып, замандастарын қоршаған ортаға жанашырлық танытуға шақырды.

Жастардың қолынан шыққан бұл бұйымдардың барлығы пластикалық құтыдан жасалған.  «Жасыл елдіктер» ұйымдастырған жәрмеңке сөресінен қыздарға арналған сәнді қобдишалар мен түрлі әшекей бұйымдарға дейін кездестіруге болады. 

Алуа Нұрахмет, "Жасыл ел" сарбазы:

- Бұл жерде ең басты мақсатымыз қаламызды тазарту. Бұл пластик бөтелкені лақтырмай оған тұрмысқа керек затты переработка жасадық. Бұның ішіне әшекей бұйымдар, қасық дегендей тұрмысқа керек заттарды салуға болады.

Қоршаған ортаның экологиялық жағдайын сақтау үшін пластик қораптар мен полиэтилен пакеттен арылған жөн. Жәрмеңкеге жиылған жұртқа жастар осыны насихаттады. Оларды алмастыратын қолдан тігілген дорбаларды  ұсынды.

Тәңірберген Жанатов, "Жасыл ел" еңбек жасағының жетекшісі:

- Бұл идеяға «жасыл елдің» сарбаздары түрткі болды. қазір біз қоқыстар жинап жатырқ, оның үстіне полиэтилен пакеттер көп болды деп. сондықтан осындай идея қалыптасты.

Ақансері Сүлейменов, облыстық жастар ресурстық орталығының директоры:

-150 бала әрі қарай әр түрлі деңгейдегі туыс-тағандарына осы ақпаратты жеткізетін болады.мектепке  барады. айтады, ана бөтелкені қолмен мыжу керек көлем алмайды деп. осындай экологиялық тәрбие мақсатында іске асқан дүние.

Биылғы маусымда облыс бойынша 500 бала «Жасыл ел» сапында туған өлкесінің тазылығына үлес қосты. Келер жылы олардың санын екі есеге көбейту жоспарда. «Жасыл ел» қатарына өтуге ниеттілердің артуына байланысты облыста «Эко Сарбаз» деп аталатын тағы бір жоба қолға алынды. 1-тамыздан бастап жастардан жасақталған 150 сарбаз тазалықпен қатар көпшілікті қоршаған ортаны қорғауға үндейтін болады.

Авторлары: Елдос Кәкенов, Нұрбол Үздікбаев