Түркияда апаттан жараланған тағы бір Қазақстан азаматы көз жұмды
Түркияның Алания қаласында жол апатында жараланған тағы бір қазақстандық әйел көз жұмды.
Бұл туралы біздің елдің сыртқы істер министрлігі мәлімдеді. Қазір марқұмның туыстары түрік елінде, оларға тиісті көмек көрсетіліп жатыр. Құжаттар рәсімделгеннен кейін мәйіт Қазақстанға жіберіледі, - деді Айбек Смадияров. Оның айтуынша, осыған дейін көз жұмған қазақстандықтың денесі елге жеткізілген. Естеріңізге сала кетейік, өткен жексенбіде жүк көлігі мен туристер мінген шағын автобус соқтығысқан еді. Көлікте Қазақстанның 12 азаматы болған.