Астанада сот қаржы пирамидасының басшысын шартты жазаға кесті
Астанада тағы бір қаржы пирамидасының басшысы 6 жылға шартты түрде сотталды.
«Sincere Systems» (синсере системс) деп аталатын ұйымның өкілі өзін криптовалюта биржасымен серіктес ретінде таныстырған. Азаматтарды сендіру үшін сайт ашып, жеке кабинет арқылы жұмыс істеген. Тергеушілердің мәліметінше, сол онлайн алаңда тұрғындардан иемденген қаржының виртуалды баламасын орналастырып отырған. Қаржы пирамидасын құрған азамат тұрғындардан жалпы сомасы 200 млн теңге жинаған, дейді мамандар.