Қазба байлықтары мемлекетке қайтарылды

Алтын, көмір, темір, мыс, көмірсутек, боксит және полиметалл кен орындары мемлекет меншігіне қайтарылды.

Үкімет жер қойнауын пайдаланушылармен жасалған 118 келісімшартты, қатты пайдалы қазбалар бойынша 245 лицензияны, көмірсутек шикізаты бойынша 27 келісімшартты бұзды. Шарт талаптарын орындамағандармен келісімшарттарды және лицензияларды қайта қарау жұмыстары әлі де жалғасады. Ел иелігіне өткен кен орындары жаңа инвесторларға беру үшін ашық аукционға шығарыла бастады. Биыл өткізілген аукциондардың нәтижесінде мемлекет қазынасына 1,5 млрд теңге көлеміндегі қол қою бонусы төленді.

Динара Алимова, ҚР Премьер-министрінің баспасөз хатшысы:

- Сонымен қатар, қаржылық міндеттемелерді бұзған жер қойнауын пайдаланушыларға айыппұл салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазірдің өзінде мемлекет пайдасына қатты пайдалы қазбалар бойынша 1 млрд тг жуық айыппұл өндірілді. Сондай-ақ көмірсутек шикізаты саласындағы 9 келісімшарт бойынша 2 млрд теңге берешек өтелді.