Қарағандыда уланған екі бала емделіп шықты
Қарағандыда уланған 14 баланың тағы екеуі тәуір болып, әлеуметтік қызмет көрсету орталығына оралды.
Қазір ауруханада 9 бала ем алып жатыр. Оның 6-уы жансақтау, ал қалған үшеуі нейробокстау бөлімінде. «Жағдайлары тұрақты, ешқандай өзгеріс жоқ», - дейді дәрігерлер. Мамандар балалардан түрлі сынамалар алып, зертханаға жіберген. Әзірге неден уланғаны белгісіз. Тамақтан ұшынуы мүмкін деген әуелгі болжам расталмады. Өкінішке орай 13 жастағы бір жасөспірім көз жұмды.
Ирина Тасмағамбетова, Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы:
- Динамикадағы барлық науқастардың жағдайы бірқалыпты. талдау нәтижелері бойынша барлық ауруханаға түскен науқастарда тамақтан улану жағдайы расталмады. Уланудың нақты себептерін анықтау үшін кеңейтілген зерттеу жүргізілуде.