Астанада құрылыс саласының 30 үздігі марапатталды

Елорданың 25 жылдығына орай ұйымдастырылған республикалық байқауға 500-ге жуық өтінім түскен.

Байқауға салада кемінде 25 жыл еңбек етіп, тың жобаларды іске асырған мамандар іріктелді. Екі кезеңнен тұратын байқаудың қорытындысы бүгін жарияланды. Бас қаланың бой көтеруіне орасан зор үлес қосқан азаматтармен қатар, өңірлерде бірегей жобаны жүзеге асырған құрылысшылар марапатталды.

Айта кетейік, байқау тамыздың әр екінші жексенбісінде аталып өтетін құрылысшылар күні қарсаңында ұйымдастырылып отыр. 

Саят Нәбиев, "Bilim-Orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми зерттеу орталығы басшысының орынбасары: 

- Ол жерде қойған талаптар кемінде 25 жыл құрылыс саласында жұмыс жасау керек. Соныме қатар, өзінің идеясын ұсына білуі керек. Болашақта осы Қазақстанның құрылыс саласы қандай болуы керек. Сонымен қатар ұлттық нақыштағы өзіміздің бой көтеретін мекемелеріміз қандай болуы керек соған байланысты жаңаша тың иедяларды ұсынған азаматтар марапатталып жатыр.

Раббим Борашев, құрылыс саласының үздігі:

- Маңғыстау деген өзені жоқ жер. Сол жерде жүзу бассейнін салдық. Қазір жүзу бассейнінде 500-дей адам жүзумен айналысады. Жүздеген адам ұлттық спорт түрлерімен айналысады. Сол барлық жерде де сондай болу керек деп түсінеміз.