Жамбыл облысындағы өрт сөндірілді
Аптап ыстықтан Меркі тауларында басталған қызыл жалын 300 гектар аумақты шарпыды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Өрт ошағы таулы аймақта тұтанғандықтан, техника шығару мүмкін болмай төтеншеліктерге біраз қиындық туғызған. Жалынды ауыздықтауға 2 күннен бері жеке құрам мен тікұшақтар тартылды. От шарпыған аумаққа әуеден 11 мәрте су шашылды. Еске салсақ, тілсіз жау 2 тамызда тұтанған болатын.
Ералы Ақылбеков, Жамбыл облыстық ТЖД бастығының орынбасары:
- Қазіргі таңда өрт орнында 161 қызметкер жұмыс жасап жатыр. 1 тікұшақ, 2 «АН-2» сумен өшіру жұмыстарын жасап жатыр. Өртті өшірудің қиындығы желдің құбылмалы болуына байланысты қиындық тудырып жатыр.