Ақмола облысында биыл 300-ге тарта жұмыс орны ашылады
Ақмола облысында биыл «Ауыл аманаты» жобасы аясында 300-ге тарта жұмыс орны ашылады.
Мемлекет тарапынан өңірдегі 250 ауыл тұрғынын қолдау көзделіп отыр. Бірақ, осы күнге дейін жеңілдетілген несиені тек 42 адам ғана рәсімдеген.
Екі жарым пайыздық жеңілдетілген несие. Бағдарманың тиімді тұсы осы. Десе де, оны алудың өзіндік қиыншылықтары бар. Мысалға, Зеренді ауданының бірқатар тұрғыны жобаға қатыса алмай отыр. Оған бірнеше себеп бар.
Табылды Кезекбаев, Заречный ауылының тұрғыны:
- Микрокредитованияға қоятын халықтың дүниелері жоқ. Міндетті түрде кепілдікке үйін, қымбат көлігін қою керек. Ауыл халқының үйі қымбат емес. Әрі кетсе 1 млн теңге ғой. Оған қарап тиісті мекеме ауыл кісілерінің үйін алмайды.
Жалпы аймақта жобаға өтінім қабылдау маусым айында басталды. Бүгінгі күні 100-ден астам ақмолалық бағдарламаға қатысуға ниет білдірген. Бірақ соның тең жартысының бизнес жоспары мақұлданбады.
Қасым Итқұсов Облыстық, ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:
- Өтінім беруде көптеген сұрақтар бар. Сол себепті біз кей жобаларды қайтарып жібереміз. Тұрғындармен түсіндірме жұмыстарын жүргізуге де тырысамыз. Бүгінгі күні барлық құжаты дұрыс болған 42 тұрғынның өтінімі мақұлданды. Соның 15-не тиісті қаржы төленді.
Жоба асында аймаққа республикалық қазындан 1 млрд. 200 млн.теңге бөлінді. Көпбалалы аналар мен жұмыссыз отырған тұрғындарға басымдық беріледі. Ал жергілікті билік өкілдері жыл соңына дейін тиісті межеге қол жеткіземіз деген сенімде.
Авторлары: Абзал Азаматұлы, Виктор Полянный