Шетелдік номерлі көлікті заңдастыруды кейінге шегеруге болады
Шетелдік номері бар көлікті 5 жылға уақытша есепке қойып, заңдастыруды кейінге шегеруге болады.
Тіркеу кезінде құқықтық кедергілерге тап болғандар осы мүмкіндікті пайдалана алады. Бұл Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде автомобильге қойылған шектеулер мен талаптарға қатысты шешім. Елде уақытша есепке қою 17 шілдеде басталды. Бұл жағдайда көлікке қазақстандық номер беріледі. Сондай-ақ жүргізуші «Қазақстан аумағынан шығу құқығынсыз» деген жазуы бар құжат алады. Ал 5 жыл өткеннен кейін темір тұлпардың иесі көлікті заңдастыруға тиіс немесе оны әкелген еліне қайтаруы керек.