Қазақстанда шылым шегетіндер көбейіп барады

Елде шылым шегетіндер көбейіп барады.

18 бен 28 жас аралығындағы азаматтардың үлесі шамамен 10 пайызға дейін артқан. Былтыр бұл көрсеткіш 7 пайыздан сәл жоғары болатын. Ұлттық статистика бюросы ұсынған дерек осындай. Жаман әдетке ер азаматтардың 38 пайызы және әйелдердің 8,4 пайызы тәуелді. Өңірлер арасында темекі өнімдерін Қарағанды облысы көп тұтынады. Мұнда шылым шегушілердің үлесі 25,4, Павлодар және Жамбыл облыстарындағы көрсеткіш - 24,6 пайыз. Бір қуанарлығы, темекі тартатын 30 бен 60 жас аралығындағы азаматтардың үлесі алдыңғы жылмен салыстырғанда біршама азайған.