Жыл басынан бері 160 мыңнан астам тұрғын ел ішінде қоныс аударды

Көбі ірі мегаполистерді таңдаған.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Үкіметте көші-қон саясаты тұжырымдамасын іске асыру жайында баяндады. Еліміздегі жұмыс күші артық және тапшы өңірлер арасында демографиялық теңгерім орнату бойынша жұмыстар жалғасуда. Енді тиісті өңірде нақты жұмыс орны болған жағдайда ғана тұрғындар қоныс аудара алады. Жалпы, биыл «Серпін», «Ауыл аманаты», «Ауыл ел бесігі», «Дипломмен ауылға» бағдарламалары аясында 33 мыңнан астам адам мемлекеттік қолдау алған.

Тамара Дүйсенова - ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

- Бұл санаттағы азаматтарды қолдау үшін экономикалық ұтқырлық сертификаты енгізілді. Қоныс аударушының жұмыс беруші растайтын жұмыс орны болған жағдайда ол азаматқа тұрғын үй құнының 50% мөлшерінде, бірақ 4 млн теңгеден аспайтын мөлшерде экономикалық ұтқырлық сертификаты енгізілді. Бүгінгі күні аталған сертификаттар 224 отбасы алып үлгерді.