Қазақстандықтар Венада өткен ірі фольклор фестивалінде өнер көрсетті
Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармония әртістері Венада өткен ірі фольклор фестивалінде өнер көрсетті.
Отандастарымыз домбыра, қобыз, жетіген, саз-сырнайда ойнап, жергілікті Австрия және Италия мен Словениядан келген көрермендерге қазақтың музыкалық шығармаларын паш етті. Сондай-ақ өнерпаздарымыз "Абай күні" қарсаңында ұлы ақынның әндерін орындап, еуропалықтардың қошеметіне бөленді.