Қызмет бабында қаза тапқан полицейлердің балалары демалысқа аттанды
Қызмет бабында қаза тапқан полицейлердің балалары Ыстықкөлде демалады.
Олар демалысқа аналарымен бірге жол тартты. Жазғы демалыс көпбалалы отбасыларынан шыққан және мүгедектігі бар балалар үшін ұйымдастырылып отыр. Тәртіп сақшыларының перзенттері екі кезеңмен Ыстықкөлге он күнге аттанады. Саяхатқа жол татпас бұрын оларға ерекше тарту жасалды. Жасөспірімдер полиция техникасы қойылған көрмені тамашалап, сапердің киімдерін киіп көрді.
Арыстанғани Заппаров Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы:
- Біздің Алматы қаласының жанашырларымен бірлесе, бүгшін біздің жасөспірім балаларымызды Ыстықкөлге жіберіп жатырмыз. Осы іс-шараға іс алысқан әрбір азаматтарға мен рахметімді айтам. Өздеріңіз куә бодыңыздар. Жас балаларды ңқалай қуанып демалысқа кетіп бара жатқандығы. Жастар ертең біздің еліміздің болашағы, осы елдің ертеңгі тізгінін, бір тұтиқасын ұстайтын.