Елорданың 25 жылдығына орай ұлттық музейде ерекше көрме өтті
Онда 46 сурет пен қыштан жасалған мүсіншелер қойылды.
Туынды авторлары оңалту орталығында ем алып жүрген 1-ші және 2-ші топтағы мүгедектігі бар жандар. Көрме қатысушылары 2 ай көлемінде дайындық жүргізіп, осылайша елорданы ерекше құттықтағысы келген. Оларды сауықтырумен айналысатын әлеуметтік технологиялар орталығы 2021 жылы ашылған. Бүгінде 200 адамға көмек көрсетеді.
Гүлмира Шәймағамбетова, емделуші:
- Біз 2 айдан артық осы суретшілер суретін салып, дайындалды. Бір салғанда шықпаған. Екінші салып деген сияқты. Осы суретті ұйымдастырудың арқасында біздің арамызда көптеген керемет сурет салатын кісілерді білдік.
Қарлығаш Такирова, ұйымдастырушы:
- Мүгедек жандардың бұл кісілердің енді іштен шыққан айқайы деп ойлаймын енді. Қолөнері. Соның бәрін сіздерге адамдарға, халыққа осылай көрсетіп жатқандарына, мүмкіндік бергендеріне үлкен рахмет.