Оралда Абай рухына тағзым етілді
Оралда зиялы қауым өкілдері мен жастар Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, кемеңгер тұлғаның рухына тағзым етті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ұлттық мерекенің ұрпақ тәрбиесі үшін маңызы зор.
Іс-шара барысында театрландырылған қойылым көрсетіліп, өзге ұлт өкілдері де Ұлы ақынның өлеңдерін дәріптеді. Сонымен қатар мейрам қарсаңында ұйымдастырылған «Абай оқулары» облыстық байқауының жүлдегерлері марапатталды.
Талап Таймасұлы, ақын:
- Абайтану – тоқтаусыз жүретін нәрсе. Абайға толық баға берген Мұхтар Әуезов болатын. Өйткені Мұхтар Әуезов «Абай десе, көзіме қазақ, қазақ десе, көзіме Абай елестейді» деп біртұтас қазақтың бейнесінде алған болатын. Абайды таныту – ол біздің парызымыз. Абайдың бейнесі әр қазақтың үйінде тұрса да, еш артығы жоқ.