Елімізде астан улану дерегі көбейді
Жыл басынан бері елімізде жаппай астан уланудың 363 дерегі тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қоғамдық тамақтану орындарында 300-ге жуық адам астан уланған. Оның ішінде 93 бала бар. Бұл туралы Бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова хабарлады. Тағы 43 оқушы 3 бірдей білім беру мекемесінде ұшынған.
Бас санитарлық дәрігер Қарағанды облысында уланған балалардың жағдайын да айтып кетті. 2 баланың халі нашар. Тағы төртеуінің жағдайы ауыр саналғанымен, емдеудің оң динамикасы байқалады. Олардың денсаулығы жіті бақылауда.
Еске сала кетсек, 30 шілдеде Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 14 бала уланып, біреуі қайтыс болды.
Айжан Есмағамбетова, ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері:
- Қазіргі кезде балаларға қойылған диагноз – себебі белгісіз улану. Енді қазір сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр. Сол соттық-медициналық сараптаманың нәтижесін күтеміз.