Елордада «Bir Tolqynda» заманауи би чемпионаты өтеді
Ертең елордада «Bir Tolqynda» атты заманауи би чемпионаты өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Негізгі мақсаты – өскелең ұрпаққа салауатты өмір салтын насихаттау, есірткіге қарсы күресуге үндеу жасау. Жарысқа 5 пен 35 жас аралығындағы барлық ниет білдірушілер қатыса алады. Бишілер 6 аталым бойынша сынға түседі. Оның ішінде хип-хоп, брейкинг сияқты би түрлері бар. Онлайн тіркелу бүгін сағат 20:00-де аяқталады. Қазылар алқасының құрамында шетелдік тәжірбиелі мамандар бар. Ресми деректерге сәйкес ел бойынша психикалық белсенді заттарды қолданған 108 мың адам есепте тұр. Есірткіге тәуелді 18 мың адам бар.
Нұржан Жетпісбаев, «Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы:
- 1-2 аптаның ішінде 4000 мыңнан астам заңсыз белгіленген жарнамаларды жоюға біз атсалысып, қатыстық. Осы жұмысты жалғастыратын боламыз. Ірі шараны біз жылдың аяғына дейін өткіземіз.