Ақтөбе облысында мыңнан астам жұмыс орны ашылды
«Ауыл аманаты» жобасы шеңберінде Ақтөбе облысында мыңнан астам жұмыс орны құрылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Облысқа жұмыс сапарымен барған Әлихан Смайылов жобаның жүзеге асу барысымен танысты. Бағдарлама ауыл тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған. Облыс әкімі Ералы Тоғжановтың айтуынша, облыстағы барлық 134 ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму жоспары әзірленді. Қаржыландыруға республикалық бюджеттен 6,5 млрд теңге бөлінді. Сондай-ақ қыркүйек айында қосымша 12,5 млрд теңге бөлінеді деп күтілуде. Бүгінде мыңға жуық жоба іске асып, жаңа жұмыс орындары құрылды. Құс шаруашылықтары, жылыжайлар мен наубайханалар сынды кәсіпорындар ашылды.