Үкімет басшысы «Қазхром» кәсіпорнына барды
Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында «Қазхром» өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдейтін бірегей кәсіпорынына барды.
Дөң тау-кен байыту комбинатында жылына шамамен 900 мың тонна шлам жиналады. Қазіргі уақытта жалпы көлемі 14,5 млн тоннаны құрайды. Құрамында 35%-ке дейін хром оксиді бар. Озық стандарттар бойынша технологиялық және автоматтандырылған байыту фабрикасы шламдардан гравитациялық әдіспен хром оксидін алуға мүмкіндік береді. Алынған тауар концентратында кем дегенде 48,5% хром оксиді болады. Кәсіпорын жылына шамамен 1,7 млн тонна шлам өңдейді.