Талдықорғанда сот үкімімен үш ЖШС басшылары кінәлі деп танылды

Талдықорғанда сот үкімімен үш ЖШС басшылары кінәлі деп танылды

162 млн теңге қайтарылды.

Қаржылық мониторинг агенттінінің мәліметінше, үш жауапкершілігі шектеулі серіктестік Талдықорған қаласындағы ақпараттық-талдау орталығымен бірге пәтер иелері кооперативінің жұмысын автоматтандыру қызметі бойынша мемлекеттік сатып алу ұйымдастырған. Түптеп келгенде жұмыс істемейтін бағдарламалық өнімді жеткізіпті. Қылмыстық құқық бұзушылық бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесінде, залал сомасы толық өтелді.

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:

- Сот үкімімен үш ЖШС басшылары кінәлі деп танылды, оларға 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру, 5 жыл мерзімге мемлекеттік сатып алуға қатысуға байланысты қызметпен айналысу құқығынан айыру мен орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеу түріндегі жаза тағайындалды.