Шетелдік азаматтар үшін есептелген медициналық сақтандыру енгізілді
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Құжат бойынша бұл Қазақстанда уақытша болатын шетелдіктер үшін медициналық сақтандыру түрі. Оның аясында шетелдік еңбек мигранттары алғашқы медициналық және дәрігерге дейінгі медициналық көмек, сондай-ақ стационарлық жағдайларда шұғыл мамандандырылған медициналық көмек ала алады. Хабарламаға сай бұның бәрі есептелген медицицналық көмек арқылы жүзеге асады.