Маңғыстауда бірқатар елді мекенге электр энергиясы жетіспей жатыр

Бұл жайында облыстық Қоғамдық коммуникациялар орталығы хабарлады.

Өйткені №3 энергоблоктағы жөндеу жұмыстары және МАЭК жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты электрстанцияның №1 энергоблогын уақытша тоқтатуға тура келгендіктен "КЕГОК" акционерлік қоғамының ұлттық басқару орталығы осындай шешім қабылдаған. Сөйтіп, Жаңаөзен қаласы мен оған жақын ауылдар, Форт-Шевченко қаласы және Түпқараған, Мұнайлы, Қарақия  аудандарына қарасты елді мекендерде уақытша жарық жоқ. Ал ауыз су жеткізу тоқтаған жоқ. Аурухана және өзге де әлеуметтік нысандарда жарық бар. Апатты жою үшін жедел штаб құрылған.

Бексұлтан Шалабаев, облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары