Елімізге слесарь-жөндеуші мен электромонтер қажет

Биыл 6 айда электронды еңбек биржасында техникалық мамандарға 141 мың 300 жұмыс орны ұсынылды.

Елімізге слесарь-жөндеуші мен электромонтер қажет. Тіпті бұрындары жалақысы жоғары болған, тапшылығы сезілмеген дәнекерлеушіге сұраныс артқан. Қазір жұмыс берушілер алты мыңға жуық дәнекерлеушіні іздеп жүр.

Жалпы, елде маман жетіспейтін негізгі төрт сала бар. Бос жұмыс орындарының 76 пайызы осылардың үлесінде. Мәселен өндірістегі кадр жетіспеушілігі - 28 пайыз, көлік және логистикада 21, құрылыс және сәулетте 18, ал энергетика саласында 9 пайызды құрап отыр.