Өңірдегі жағдай штабтың бақылауында. LIVE
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатындағы жөндеу жұмыстарына байланысты, бірінші энергоблогтың жұмысы уақытша тоқтатылған еді.
Өңірде жедел штаб құрылып, әлеуметтік маңызды нысандарды электр-қуатымен қамту мәселесі жедел қолға алынды. Елдімекендерге жарық кестемен беріле бастаған.
Бұл, уақытша амал. Мамандар «Маэк» энергетикалық комбинатында 2 энергоблок жұмысы толық қалпына келгенше жалғасады деп жатыр Олардың айтуынша, кешелі бері бірқатар елдімекенде электр энергиясын «тиімді» ажырату әдісі қолданылуда. Бұл, тұтынылатын ток көлемін шектеу мақсатында тұтынушыларды 3-тен 5 сағатқа дейін электр желісінен ажырату жүргізіледі. Ірі өнеркәсіптік нысандарға да электр қуаты шектеумен берілетін болды. Кеше Ақтауда жедел штаб құрылды. Оның құрамына уәкілетті мемлекеттік органдар мен коммуналдық кәсіпорындардың өкілдері кірді. Бүгін түнде жиналыс өтіп, 1-ші санаттағы әлеуметтік және денсаулық сақтау мекемелерін токпен қамтамасыз ету мәселесі қаралды.
Нұғиев Өмірбек. “МЭРК” АҚ орталық-реттеу қызметінің бастығы:
- Маңғыстау облысының басшылығымен жедел штаб құрылды. Оған барлық коммуналдық қызметтердің өкілдері кірді. Маңғыстау облысының әр жеріндегі елдімекендерде жарықты циклдық, яғни кезегімен өшіру туралы шешім қабылданды. Өз тарапымыздан Маңғыстау өңірінің тұрғындарына апатты жағдай толық жойылғанша электр энергиясын үнемді пайдалануға үндейміз.
Талғат Исламұлы, тілші:
- Толықтыра кетсем, 11 тамыз күні «Kegoc» компаниясы Маңғыстау облысында 2 турбоагрегат өшірілгенін мәлімдеген болатын. Соның салдарынан Атырау электр орталығында ток жүктемесі 45 мегаватқа, ал Маңғыстау электр орталығында 98 мегаватқа төмендеді. Сол күні энегокомбинатта тағы бір апат болып, электр жүктемесі 147 мегаватқа дейін азайған соң 3-ші энергоблок өшірілді. Жалпы айтсақ, «Маэк» энергетикаық комбининаты 545 МВт өндіреді. Қазір 2 энергоблоктың тоқтауына байланысты электр станциясы 245 МВт өндіріп жатыр. Осыған орай, Жаңаөзен қаласы, Маңғыстау, Түпқараған, Маңғыстау және Қарақия ауданында бірқатар ауылда ток шектелуі көлемде беріліп жатыр.