Қатонқарағайда қар жауды
Шығыс Қазақстан өңірінде жапалақтап қар жауып, Қатонқарағай ауданындағы әйгілі Мұзтаудың етегі ақ ұлпаға оранды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Кеше ғана алқап жап-жасыл болып тұрса, бүгін таңертеңгілік жер де, көк те аппақ. Бұған осында лагерьде демалып жатқан туристер де аң-таң. Альпинистер бұл сирек болатын жағдай дейді. Өйткені Қатонқарағайда күн ерте суытқамен, бұрын-соңды тамыздың ортасында қар жауған емес. Керісінше, бұл – тамылжып тұратын мезгіл, - дейді саяхатшылар. Тек кейінгі 2 жылда климаттың өзгеруі байқалады. Былтыр осы уақта бұршақ жауып, лагерьдің шатырын құлатқан екен.