Мемлекет әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған студенттердің жатақхана ақысын төлейді
Мемлекет басшысының тапсырмасымен жаңа оқу жылы қарсаңында әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған студенттердің жатақханадағы тұру ақысы төленетін болады.
Өтемақыны жетімдер мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ мүгедектер алады. Жалпы сомасы жылына 29 айлық есептік көрсеткішке тең. Биыл шамамен 7145 адамды қамту жоспарланып отыр. Өтемақы қыркүйек айынан бастап беріледі.
Динара Әлімова, ҚР Премьер-министрінің баспасөз хатшысы:
- Елімізде азаматтардың жекелеген санаттарына колледждер мен жоғары оқу орындарында білім алу кезінде жатақханада тұру шығыстары үшін өтемақы төлеу көзделген. Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкіметтің тиісті қаулысына қол қойды.