Жамбыл облысында шаруалар шығыны 3,5 млрд теңгеден асты

Жамбыл облысында шаруалар шығыны 3,5 млрд теңгеден асты

Жамбыл облысында қуаңшылықтан егісі қураған шаруалардың шығыны 3,5 миллиард теңгеден асты.

Бұл жайында аймақтағы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы хабарлады. Қазіргі есеп бойынша 347 шаруа қожалық зардап шеккен. Жалпы облыста 7 800 гектарға егілген қант қызылшасы, дәндік жүгері мен көкөніс, бақша дақылдары қурап қалды. Ең көп зардап шеккен Қордай мен Байзақ аудандарының диқандары. Аудандарда комиссия құрылып, қураған алқаптарды аралап, зерделеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ал шығын мөлшері Қазақ ғылыми-зерттеу институты бекіткен технологиялық карта бойынша есептеліп жатыр.

Нұрби Жігітеков, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:
- Қазір әлі тексеру зерделеу анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Аудандарда комиссия құрылған. Вегетациялық кезең әлі жүріп жатыр. Негізгі мынау қант қызылшасы, жүгері, көкөністер әлі суды қажет етеді. Осы тамыз, қыркүйек айында. Сондықтан ары қарай тағы да бізде осындай күйіп кету қаупі бар. Жұмыстар әлі жүріп жатыр.