Балалар лагерінде заңбұзушылықтар анықталды

Жетісу облысының прокуратурасы арнайы тексеру барысында Текелі қаласындағы демалыс орнының бірінде «шизофрения» диагнозымен есепте тұрған медицина қызметкерін анықтады.

Облыстық құқық қорғау органы өңірдегі 9 балалар мекемесінің қызметін бақылап, бірқатар заңбұзушылықтың бетін ашты. Атап айтқанда, лагерьлердің кейбірінің қызметі толығымен санитарлық талаптарға сай болмай шыққан. Одан қалды текесерілген мекемелердің барлығында өрт қауіпсіздігі мүлдем сақталмаған. Прокуратура тексерді жалғастырып жатыр.