Семейде жылу құбырлары жаңартылып жатыр
Семейде 40 жылдан бері жөндеу көрмеген жылу желілері жаңартылып жатыр.
Қаладағы 322 шақырым жылу құбырының 68 пайызы тозған. Қазіргі уақытта оның 42 шақырымы ауыстырылып жатыр. Бұдан бөлек қаладағы «Ғаббасов» және «Орталық» қазандықтарына қуаты 20 гигакалория сағат сумен жылытылатын екі қазандық орнатылуда. Мұндағы жұмыстың 80 пайызы аяқталды. Жалпы облыс орталығында 27 жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұған өңірді дамытудың кешенді жоспары аясында 25 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінген.
Айта кетейік, жылу құбырлары әбден тозғандықтан былтыр желіде 600-ге тарта техникалық ақау болды.
Серік Төленбергенов, "Теплокомунэнерго" МКК басшысы:
- Өздеріңіз көріп тұрған бұл жоба Үкіметтің ревервінен бөлінген 16 миллиард теңге қаражатқа жүзеге асырылып жатыр. Қырық жылдай жаңартылмаған жылу желілері ауыстырылуда. Енді жаңадан салынып жатқан тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды жылу көзіне қосуға мүмкіндік туады.