ҰҚК Шекара қызметінің құрылғанына – 31 жыл

Бүгін Шекара қызметінің құрылғанына –  31 жыл.

Айтулы күнге орай Павлодарда «Ұмытылмаған Қаһармандар» және «Ұмытылмаған батырлар» жобасы аясында бірқатар шара өтті. Салтанатты жиында тек шекарашылар ғана емес, әріптес ұйымдардың өкілдері де марапатталды. Павлодар облысы мен Ресей Федерациясының шекарасы сегіз жүз шақырымға созылып жатыр.  Шекара шебіндегілер жоғары  жауынгерлік дайындықтан өтеді. Ал қырағылық пен  ептілік ел тыныштығын күзететін әрбір қызметкерге тән қасиет.

Талғат Қаленов, ҚР ҰҚК Шекара қызметі Павлодар облысы бойынша департаментінің аға офицері:

- Павлодар облысы бойынша департаментінің аумағы су қойнауы, жер және де орманды алқаптарда мемлекеттік шекараны күзетумен айырмашылығы бар. Күзету үнемі жүргізілуде және сондай-ақ қыстың күні ол қардан арнайы өту құралдарымен ал жаздың күні болса жаяу жүргінші және де автокөліктермен күзетуді ұйымдастырады.