Ақтөбе облысы Ырғыз ауданындағы спорт кешенінің құрылысы қайта жанданды
Ақтөбе облысы Ырғыз ауданындағы спорттық сауықтыру орталығының құрылысы қайта жанданды.
Жауаптылар жыл аяғына дейін қолданысқа береміз-деп отыр. Бұған дейін мердігер мекеменің басшысы қомақты қаражат жымқырып, қылмыстық жауапқа тартылған болатын. Жеті жыл тұралап қалған типтік ғимаратты тұрғызу үшін, облыстық бюджеттен 650 млн теңге бөлінді. Жалпы өңірде 28 спорт нысан салынып жатыр. Оның 18-і жыл соңына дейін тапсырылады. Дені шалғайдағы аудан мен ауылдарда бой көтерді. Мұндай орталықтарда түрлі үйірмелер ашылады. Жоба бойынша барлық қажетті құрал-жабдықпен мердігер мекеме қамтамассыз етеді.
Шоқан Жұмадуллаев, мердігер мекеме:
- Полдары дайын уже келе жатыр мына "Б" блогының. Үстіндегі жекпе-жек залы, екінші этаждағы дайын. Оның да заттары жолда келе жатыр. Екінші тренажерный зал да обеспечить етіледі. Қазір біздер бассейнді қолға алып жатырмыз. Бассейннің орны қалды. Бітіреміз жақында ғана. Сыртқа жұмыстарға көшіп жатырмыз.