Жас бапкерлерге жатақхана берілді

Астана ауыл-аймақтан келген спорт мамандарын қызметтік баспанамен қамтуды қолға алды.

Сөйтіп спорт күні қарсаңында алғашқы 6 жаттықтырушы жаңа тұрғын үйге жайғасты. Оның ішінде Алматы мен Өскеменнен арнайы шақыртылған мамандар бар. Айта кету керек, бұл – пилоттық жоба. Алдағы уақытта бастама жалғасын тауып, қызметтік баспаналардың қатарын арттыру жоспары бар. «Жаттықтырушылардың бұдан басқа да әлеуметтік мәселесін реттеуге көңіл бөлеміз», - дейді қалалық мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов.

Ерлан Каналимов , Астана қаласы мәслихатының төрағасы:
- Бұл жерде сырттан келісімшартпен шақырылған жаттықтырушылар үй жағдайын шешкенге дейін осы жерде тегін тұра алады. Бүкіл жағдай жасалған. Қонақ үй сияқты. Бұл жерде әлеуметтік-тұрмыстық мәселе шешіліп отыр.