ТЖМ бөлімшелеріне 633 млн теңге бөлінді
Төтенше жағдайлар министрлігінің әуе кемелері 5 су шашу құрылғысы және 71 ұшқышсыз ұшу аппаратымен қамтылады.
Табиғи және техногендік сипаттағы апаттарды жоюға арналған қосымша техника салып алу үшін Үкімет резервінен 633 млн теңге қаражат бөлінді. Бүгінде құзырлы ведомство қарамағында 27 ұшқышсыз ұшу аппараты, 12 су шашатын құрылғы және 34 әуе кемесі бар. Алайда биылғы орман өрті оқиғалары аталған техникалардың жеткіліксіз екенін көрсетті.