Жетісу Алатауында алпысқа жуық көл тасуы мүмкін

Жетісу Алатауындағы 400-ден аса көлдің 60-қа жуығы қауіпті деп саналады.

Аптап ыстықта мұздықтардың еруінен таудағы көлшіктер арнасынан асып, өзендердегі су деңгейі көтерілуі мүмкін. Апаттың алдын алу үшін Жетісу облыстық ТЖД өкілдері мен «Қазселденқорғау» мекемесінің мамандары тікұшақпен барлау жұмыстарын жүргізді. Бүйен, Ақсу, Сарқан, Лепсі, үлкен және кіші Басқан өзендері бастау алатын көлдердің жағдайын бағамдады. Ағын су арнасының бөгелмеуін тексерді.

Ринат Тазабеков, облыстық ТЖД басқарма басшысы:

- Бүгінгі таңда ауа температурасының төмендеуіне байланысты мұздық көлдерде су деңгейінің төмендегені байқалады. Жалпы жағдай тұрақты.