СҚО-да ұшқышсыз ұшу аппараты құрастырыла бастады

Шағын ұшақты түрлі салада пайдалануға болады.

Мәселен бұл құрылғы жер бедерінің картасын суретке жоғары дәлдікпен түсіреді. Дала және орман өртінің ошағын жедел түрде анықтайды. Сондай-ақ барлау жұмыстарын жүргізе алады. Әуеде алты сағатқа дейін қалықтайды. Ақылды техника сынақтан сәтті өтті.  Әзірге өндіріс ошағында дронның төрт түрі жасалды. Болашақта оның санын 27-ге дейін жеткізу жоспарда. Айта кетейік, бұл Қазақстан мен Қытайдың бірлескен жобасы.

Тимур Нүкерей, зауыттың бас директорының орынбасары:
- Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің аспан асты еліне жасаған сапары барысында арнайы меморандум жасалған болатын. Соның негізінде әріптестік орнатып, жұмысты бастап кеттік. Қазір біз өз мамандарымызды арнайы оқуға жібереміз.  40-қа жуық жаңа жұмыс орны құрылады. Ал болашақта қажетті бөлшектердің тең жартысы өзімізде жасауды жоспарлап отырмыз.