Президент Маңғыстау облысының әкімін қабылдады
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатына күрделі жөндеу жүргізу үшін биыл 9,4 млрд теңге бөлінді.
Оның 6,8 млрд теңгесі инвестиция, ал 2,6 млрд теңгесі облыс әкімдігінің резервінен қарастырылды. Сондай-ақ, Үкімет резервінен қажетті қондырғыларды сатып алу үшін 4,9 млрд теңге бөлінген. Бұл жайында Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Мемлекет басшысымен кездесу барысында баяндады. Нұрлан Ноғаев өңірде жалпы сомасы 5,3 млрд теңге болатын 6 инвестициялық жоба іске қосылғанын атап өтті. Облыста ауызсу тапшылығы мәселесін 2025 жылға дейін кезең-кезеңмен шешу жоспарланған. Нәтижесінде аймақта қолжетімді тұщы судың көлемі 146 мың текше метрге дейін артады. Президент Маңғыстау облысының әкіміне өңірдің энергетикалық жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуді тапсырды.