Абай облысында 2 мың шақырымнан астам жол жөндеуді қажет етеді
Бұл аудандық және облыстық маңыздағы күре жолдар.
Биыл Көкпекті ауданында 6 ауылдың арасын жалғайтын жолға асфалть төселіп жатыр. Бұдан бөлек республикалық «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасымен осы өңірдегі 3 елді мекеннің 12 көшесіне орташа жөндеу жүргізілуде. Айта кетейік, аймақтағы 235 шақырым жол алғаш рет асфальтталып жатыр. Осы жылы өңірдегі маңызды бағыттардағы жолдарды жаңғыртуға 25 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген.
Дәурен Қойгелдин, Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары:
- Екі ауылдың жолдары бұған дейін жөнделмеген. Совет үкіметі кезінен. «Паритет» бағдарламасымен «Толағай-Көкпекті», Шұғылбай теректі жолдары биыл жөнделіп жатыр. Тұрғындардың көп жылғы өтініші бар. Сол өтініштері биыл міне орындалып, облыстық бар, республикалық бар, қаражат бөлініп, асфалть төселіп жатыр.