ТЖМ Астанада өртке қарсы жаттығу өткізді
Жыл басынан бері елдегі тұрғын үй секторларында 3800-ден астам өрт болды.
Оқыс оқиғалардың алдын алу үшін бүгін Астанада өртке қарсы жаттығулар өтті. Тұрғындардың дұрыс іс-әрекеті қайғылы жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді. Сондықтан Төтенше жағдайлар министрлігі халыққа қауіпсіздік шараларын үйретуге барынша күш салуда.
Сырым Шәріпханов, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:
- Енді бұл жерде ең біріншіден келген қалай іс-әрекетіміз болғанда ең бірінші ол түрғындармен қалай жұмысты атқару керек екенін. Біз көрдік жақында өкінішке орай,үлкен өрт болып Алматы қаласында Ақкент тұрғын үйінде өрт болған кезде біз өзіміздің жұмысымызды қалай атқардық, қандай проблема болды. Қалай соны шешу керек екенін өзіміз талдау жасап, осы бүгінгі жаттығуда сол сұрақтарды қарастырдық. Біз халықты үйреткіміз келеді. Осы бағытта біз жұмыс істеуіміз керек.